Казахская народная - Ахау, игәй, қоңыржай

Музыка: Казахская народная
Слова: Казахская народная

Ойлап тұрсаң дүние
шолақ екен-ау
Бір-біріне адамдар
қонақ екен-ау
Ахау
игай
Қоңыржай
айхой
Сыңғырлаған
даусыңды-ай

Нешеу болсаң бір
үйде сыйласып өт-ау
Бұл өмірдің
қызығы сол-ақ екен-ау
Ахау
игай
Қоңыржай
айхой
Сыңғырлаған
даусыңды-ай

Келсең қалқам дәм
артып Кегеніме-ау
Қарсы алармын
шығып ап белеңіне-ау
Ахау
игай
Қоңыржай
айхой
Сыңғырлаған
даусыңды-ай

Көмекейде
бұлбұлдың
Ұясы
бар-aу
Қандырармын
әніммен өлеңіме-ау
Ахау
игай
Қоңыржай
айхой
Сыңғырлаған
даусыңды-ай

Түйе сұлу көрінер
тайлағымен-ау
Жолдас болма қалқажан
қайдағымен-ау
Ахау
игай
Қоңыржай
айхой
Сыңғырлаған
даусыңды-ай

Өз ауылы әркімнің
мысыр шаһар-ау
Болсын Аман ауылың
аймағымен-ау
Ахау
игай
Қоңыржай
айхой
Сыңғырлаған
даусыңды-ай

Наверх