Казахская народная - Аппақ-аппақ қояндай

Музыка: Казахская народная
Слова: Казахская народная

Өлең басы бісміллә
ой деп айтады
Жаратымсыз жаман сөз
нені айтады сәулем-ай
Бәрімізді жаратқан
ой жапар құдай
Құдайды
айтпай әуелі
Нені айтады
сәулем-ай

Аппақ-аппақ қояндай
тасқа жаққан бояудай
Жасымда айтқан
өлеңді
Қартайғанда
қоямбай

Өлең айтқым
келмейді ой ерінгенде
Бойым байсал тартады
керілгенде сәулем-ай
Жерден алтын
тапқандай ой қуанамын
Тақияның төбесі
көрінгенде сәулем-ай

Аппақ-аппақ қояндай
тасқа жаққан бояудай
Жасымда айтқан
өлеңді
Қартайғанда
қоямбай

Өлеңімді айтамын
ой өрнекпенен
Ол да ғұмыр
жақсыны
Көрмек деген
сәулем-ай
Жабы жүйрік әр
жерде ой жатыр толып
Жарым көзден жасы
сербектелген сәулем-ай

Аппақ-аппақ қояндай
тасқа жаққан бояудай
Жасымда айтқан
өлеңді
Қартайғанда
қоямбай

Наверх