Арай - Жанарым

Музыка: Хасангалиев И.
Слова: Тажибаев Б.

Сапар шексем алысқа

Сен жадымнан қалмайсын

Қиындықта қалыспай

Қиялымды жалғайсың

Мол бақыттың жайында

Сырласумен айта алдық

Қарағай мен қайындай

Қатар тұрып жайқалдық

Сәулем Сәулем Сәулем

Кір шалмаған арымсың

Сезімдегі жалынсың

Басымдағы бағымсың

Домбырамның үні сен

Жүрегімнің үні сен

Жанарымның Жанарымның

Жанарымның нұры сен

Көзің сенің мөлдір көл

Тымық күйде жолықтым

Шарасынан сол бір көл

Төгілер деп қорықтым

Домбыраға тағылған

Егізі шектей жұптастық

Үміт алда жағылған

Келешекке нық бастық

Сәулем Сәулем Сәулем

Кір шалмаған арымсың

Сезімдегі жалынсың

Басымдағы бағымсың

Домбырамның үні сен

Жүрегімнің үні сен

Жанарымның Жанарымның

Жанарымның нұры сен

Күндіз күлген күнімсің

Түнде туған айымсың

Жайнап тұрған гүлімсің

Ойға шомған қайыңсың

Жаз орнатқан жаныма

Сәулем сұлу сезімсің

Жарық күнді сыйлаған

Жанарым да өзіңсің

Сәулем Сәулем Сәулем

Кір шалмаған арымсың

Сезімдегі жалынсың

Басымдағы бағымсың

Домбырамның үні сен

Жүрегімнің үні сен

Жанарымның Жанарымның

Жанарымның нұры сен

Жанарымның Жанарымның

Жанарымның нұры сен

Наверх