Арай - Анашым

Музыка: Аташев Р.
Слова: Турсынбаева А.

Жалғандағы жанашырым
Жалғыз сен ғанасың
Жаны жайсаң жаны асылым 
Жайдарлы анашым
Қамын ойлап баласының
Күлкісіз күндер өтті
Ұйқысыз түндер өтті 
Білдік пе соның бағасын
Мама мынау жарық жалғанда
Мама сенен асыл жан бар ма
Мама сенен әсем ән бар ма
Дарасың анашым
Мама мынау жарық жалғанда
Мама сенен асыл жан бар ма
Мама сенен әсем ән бар ма
Жан анашым

Күннен ыстық алақаның
Жылытты жанымды
Алыстағы балапаның 
Иісіңді сағынды
Ақыл айтсаң жат түсініп
Жүрекке дақ түсіріп
Самайға ақ түсіріп
Ауыртсам кешір жаныңды
Мама мынау жарық жалғанда
Мама сенен асыл жан бар ма
Мама сенен әсем ән бар ма
Дарасың анашым
Мама мынау жарық жалғанда
Мама сенен асыл жан бар ма
Мама сенен әсем ән бар ма
Мама осынау бір ғаламда
Мама сендей жанды табам ба
Мама жас алмашы жанарға
Мама мәпелеп мені өсірген
Мама нәрін емдім төсіңнін 
Мама бар кінәмді кешірдің сен
Мама мынау жарық жалғанда
Мама сенен асыл жан бар ма
Мама сенен әсем ән бар ма
Панасың дарасың анашым
Мама сенен асыл жан бар ма
Мама сенен асыл жан бар ма
Мама сенен әсем ән бар ма
Жан анашым

Наверх